×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Қазақстан Қытайдың «жұмсақ күшіне» қалай қарсы тұра алады – сарапшы пікірі

Бүгін, 17:33
Қазақстан Қытайдың «жұмсақ күшіне» қалай қарсы тұра алады – сарапшы пікірі
gov.kz

Қытайдың мәдени экспансиясы – уақыттың талабы әрі оны тоқтату мүмкін емес құбылыс. Дегенмен бұл Қазақстан үшін қауіп емес, керісінше жаңа мүмкіндік. Мұндай пікірді қоғам қайраткері Александр Данилов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қытайдың мәдени ықпалы

Даниловтың айтуынша, Қытай бүгінде музыка, кино және технология саласында белсенді ықпалын күшейтіп отыр. TikTok сияқты әлеуметтік желілер миллиондаған адамның жаңа мінез-құлқын қалыптастырып, коммуникация форматын өзгертуде.

- Бұл тек қана ойын-сауық емес. Бұл адамдардың талғамын, әдетін, дүниетанымын қалыптастыратын қуатты ықпал құралдары, – деді сарапшы.

Қазақстанға мүмкіндік

Сонымен қатар, ол Қытайдың мәдени экспансиясын Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік деп бағалады. Елдің алдында жаһандық мәдени кеңістікте өзіндік өнімін жасап, жаңа жүйеде бәсекеге қабілетті болу міндеті тұр.

- Тарих гегемондар қару-жарақпен немесе экономикасымен ғана емес, мәдени және идеологиялық ықпалы арқылы да жеңіске жететінін көрсетті. Қазақстан өзінің жұмсақ күш стратегиясын құруға барлық мүмкіндікке ие. Бұл тек мемлекетке ғана емес, бизнес пен өнер иелеріне де ортақ іс. Мұнда ақша табуға да, қазақстандық орындаушылардың беделін арттыруға да жол бар. Ұлттық бизнес осы мүмкіндікті тезірек пайдаланады деп сенемін, – деді Данилов.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін сарапшы Марат Шибұтов қазақтардың қытайлықтардан қорыққаны кімге тиімді екенін айтқан болатын. 

Серіктес жаңалықтары