Алматы әкімдігі шаһар басшысының тағайындалуына қарсы митинг өткізуге рұқсат берді, деп хабарлады Ulysmedia.kz қаланың Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Белсенділер қала әкімін халық таңдауы керек деп санайды. Митинг 5 ақпан күні сағат 12:00-де Шоқан Уәлиханов ескерткіші жанында өтпек. Әлеуметтік желілердегі митингтің ұраны – «Досаев, кет!»
3 ақпанда әкімдік белсенділерге эпидемиологиялық жағдайға байланысты 13 ақпанда аза тұту митингісін өткізуден бас тартқан болатын.
Еске сала кетейік, 31 қаңтарда Президент жарлығымен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы қызметін атқарған Ерболат Досаев Алматы әкімі болып тағайындады. Оған дейін қаланы басқарған Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың петициясынан кейін қызметінен кетті.