Экс-депутаттар Ғазиз Құлахметов те Ерлан Смайыловтың ізімен партиядан кетпек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Ресми түрде бүгін Қазақстан Халық партиясынан шығу туралы арыз түсірдім. Досым, әріптесім Ерлан Валерийұлы Смайлов екеуміз бірге келіп, бірге кетуді қош көрдік! Екі жыл бойы сенім білдірген әрбір қолдаушыма риясыз алғысымды білдіремін! Мезгілінде партия қатарына шақырған Айқын Ойратұлына деген ілтипатым ерекше. Партияның қазіргі басшылығына қатысты өз пікірім бар. Сырттарынан ғайбат сөйлеп, әдепсіз атанғым келмейді. Уағында бір ойшыл : “Мен қателессем, Алла мені, өзгелер қателессе, Құдай оларды кешірсін”,- деген екен. Өзімнің ішкі жоспарым бар. Мезгілі келгенде міндетті түрде бөлісемін! Алладан амандықтарыңызды тіледім!» - деп жазды Ғазиз Құлахметов әлеуметтік желіде.
Ал Ерлан Смайылов партияның қазіргі басшысына өкпесін айтып кетіп барады.
«Партия бұрын ортақ ойлы адамдардан тұрған. Ал қазіргі басшылар туралы олай ойламаймын", - дейді ол әлеуметтік желіде.