×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

40 жыл жұмыс істегендер лайықты зейнетақы ала алады - БЖЗҚ

27.09.2021, 09:21
фото: Ашық дереккөзден

Болашақта лайықты зейнетақыны қалай алуға болады? Зейнетақы жарналарының жүйелілігі – заманауи әлемдік тренд. Неліктен? Өзіңізді қорғауға және барлық шегерімі жасалатын «адал жалақыны» қалай алуға болады? Осы және көптеген сұрақтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жауап берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бәрімізге белгілі, қазақстандықтардың жаңа буыны (25 жасқа дейінгі жастар) зейнет жасына жеткенде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарына арқа сүйейтін болады. Осыған байланысты жастар өз болашағы үшін бүгіннен бастап қамдана бастауы қажет.

Қазақ елі жинақтаушы зейнетақы жүйесі жолының нақ ортасында тұр. Қазір жүйеде қаражатты тек 23 жыл ғана жинақтаған салымшылар болуы мүмкін. Осы ретте толық цикл кемінде 40 жыл болуы тиіс. Алайда тарихи және экономикалық факторларға байланысты бұл физикалық тұрғыдан бұған дейін мүмкін болмады. Сондықтан дәл осы жаңа ұрпақтың толық циклден өтіп, 40 жылдан кейін лайықты зейнетақы алуларына мүмкіндігі бар.

Серіктес жаңалықтары