×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төрттен бірге өсті

03.02.2023, 11:14
фото: ашық дереккөзден

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бір аптада 0,3%-ға, ал бір жылда 23,4%-ға өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Бюро дерегінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы(2023 жылғы 31 қаңтар):

Қарақұмық жармасы – 500 тг/кг;

Өсімдік майы – 905 тг/л;

Рожки – 306 тг/кг.

Серіктес жаңалықтары