×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Қазақстандықтардың орташа жалақысы қанша?

08.02.2023, 09:11
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 2022 жылдың төртінші тоқсанында атаулы жалақының орташа мәні 338 715 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

«2021 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 22,9%, нақты мәнде 2,8% құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы төртінші тоқсанда бағалау бойынша 204 168 теңге болды», - делінген ведомство мәліметінде.

Бір жылда орташа айлық жалақы құрылыс саласында – 42%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 32,6%, ақпарат және байланыста 31,9% өсті. Ал түрлі қызмет көрсету саласында керісінше, 2,4% төмендеген.

Серіктес жаңалықтары