×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Алматыда Qarat Invest қаржы пирамидасының 15 ұйымдастырушысы сотталды

13.02.2023, 09:06
фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі «QI Trade Kazakhstan» (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген.

«AMAZON» (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған. Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда уәде етілген. Соның салдарынан компания 6 млрд теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірген», – делінген хабарламада.

Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдей алды.

Нәтижесінде Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне жаза (6 жылдан 7 жылға дейін) тағайындаумен кінәлі деп танылды.

«Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға, күмәнді ұйымдарға ақша салудан бас тартуға шақырады», – деп ескертті құзырлы орган.

Серіктес жаңалықтары