×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Павлодарда тікелей эфирде боқтаған тиктокер жауапқа тартылды

17.02.2023, 09:13
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТikToк әлеуметтік желісінің мониторингі барысында полиция Новоямышево ауылының тұрғынының тікелей эфирге шығу фактісін анықтады, онда ол дөрекі және әдепсіз сөздерді қолданған.

– Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотта қаралды, қаулы бойынша ауыл тұрғыны 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Айта кетейік, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК ( 69 000 теңге) айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданыла бастайды.

Серіктес жаңалықтары