×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Өндірістік апаттар: ел кәсіпорындарында бір жылда 15 адам қаза тапты

27.02.2023, 14:52

2022 жылы ел кәсіпорындарында болған 28 апаттан 32 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 10 мыңға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын қадағалануда. Олардың құрамында 200 мыңнан астам қауіпті өндіріс нысандары бар. Қауіпті өндірістік нысандарды пайдалану процесінде қолданылатын технологиялық жабдықтың моральдық және физикалық тозуына, оның уақыты ауыстырылмауына және жөнделмеуіне байланысты төтенше жағдайлар болу қауіпі туындайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 28 авария тіркеліп, салдарынан 32 адам зардап шекті. 15 адам қайтыс болды. Өздеріңіз білетіндей, осындай авариялардың бірі өткен жылы қараша айында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Ленин атындағы шахтасында болып, салдарынан 9 адам зардап шегіп, оның бесеуі қайтыс болды», - деді комитет төрағасы баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол кәсіпорындардағы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында былтыр 2 450 тексеру жүргізілгенін айтты.

«Оның ішінде ерекше тәртіп бойынша 1 355 тексеру және 1 095 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 38 277 нысан тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 34 617 дерегі анықталды. 254 млн теңгеден астам сомаға 1 708 әкімшілік айыппұл салынды», - деп тоқталды Мақажанов.

Серіктес жаңалықтары