×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Мен сізді қабылдамаймын": Досаев алданған үлескерлерге көмектесуден бас тартты

02.03.2023, 15:23
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде "Ush-Qonyr" және "Весновка" тұрғын үй кешендерінің алданған үлескерлеріне көмек көрсетпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Проблемалық тұрғын үй кешендерінің үлескерлері Ерболат Досаевқа олардың қылмыстық істері бойынша тергеу ұзақ уақытқа созылып кеткенін айтып шағымданды.

"Біз – Lider Group арқылы пәтерлерін сатқан KB Development құрылыс компаниясының алданған үлескерлеріміз. Олар өзара келісімшартты бұзды, құрылыс тоқтап қалды, енді бізде ақша да, пәтер де жоқ. Құрылыс салушы біздің атымызда пәтер жоқтығын айтты. Мен Өскеменде үш пәтерімді сатып, анамды көшіріп әкелу үшін, осы тұрғын үй кешеніне ақша салдым. Неліктен "Весновка" тұрғын үй кешені бұғатталмайды? Олар құрылысты аяқтап, бізге пәтер берсін, не ақшамызды қайтарсын", - деді Алматы тұрғыны.

Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері алданған үлескерлердің өтініштері уәкілетті органдарға берілгенін хабарлады.

Досаев өз кезегінде азаматтарды қабылдауға ниеті жоқ екенін айтты:

"Мен сізді қабылдамаймын, өйткені сіз осы компанияға өз еркіңізбен бардыңыз. Мен бұл мәселеге бас қатырғым келмейді. Турасын айтайын – біздің мемлекетімізде әркім өз әрекетіне жауапты болуы керек", - деді қала басшысы.

Серіктес жаңалықтары