×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматы облысында үш жасөспірім ер адамды танымастай етіп сабап кеткен

13.03.2023, 13:58
Фото: Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде қатты соққыға жығылған ер адамның суреті тарап жатыр. Оны сондай күйге үш жасөспірім жеткізгені хабарланды. Олардың жеке басы анықталды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Таратылған кадрлар ер адамның танымастай етіп ұрып-соққанын көрсетеді. Алматы облысының прокуратурасы бұған дейін 50 жастағы ер адамды соққыға жыққан үш кәмелетке толмағанның ұсталғанын хабарлады.

Жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының екінші бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Егер күдіктілер кінәлі деп танылса, 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары