×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

"Несие алып, төлемейді": Қазақстанның Шенген бойынша «қара тізімге» енуінің себебі айтылды

14.03.2023, 09:02
фото: ашық дереккөзден

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарға Шенген визасын беру кезінде қосымша консультациялар енгізілуіне не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, бұған біздің азаматтарымыздың шетел заңдарына бағынбауы себеп.

"Біздің кейбір азаматтарымыз Шенген елдеріне барып, жалға автокөлік алғанда айыппұл төлемей кетіп қалады. Әрине, мұның бәрі жинала береді. Басқа да құқық бұзушылықтар бар. Шет елге барған кезде оның ережелері мен заңдарын сақтау қажет. Студенттер несие алады да төлемейді, кетіп қалады ", – деді СІМ өкілі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Еуроодақ қазақстандықтарға Шенген визасын беру тәртібіндегі өзгерістерді түсіндірген.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанның Шенген бойынша “қара тізімге” енуіне қай ел бастамашыл болғанын білмейтінін айтқан.

«Мұндай шешім күнтізбелік 7 күн ішінде қаралады. Шынында да бұл тізімде ұзақ жылдар бойы болмаған Қазақстан Еуропа елдерінің бірінің бастамасымен «қара тізімге» енді. Әзірге қандай мемлекеттің ұсынысы екенін білмейміз», - деп министрдің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары