×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда еңбекке қабілетті халық саны азайып барады

01.10.2021, 12:30
фото: Ашық дереккөзден

Жұмыс берушілерге жастар мен зейнеткерлер үлесінің артуына байланысты қоластындағы жұмыскерлермен тиімді жұмыс істеуге тура келеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Елімізде екі параллель тенденция байқалады: бала туу көрсеткішінің өсуі, яғни жастар үлесінің артуы, бұған қоса халықтың қартаюы, яғни зейнет жасынан асқан тұрғындар үлесінің өсуі, дейді energyprom.kz

2020 жылғы нәтиже бойынша, республикада еңбекке қабілетті халық үлесі (15 жастан зейнет жасына дейін) барлық тұрғындар санының 58,4% ғана құрады. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 59,1% болса, бес жыл бұрын 61,6%, ал 2011 жылы 64%-ға жеткен.

Ал зейнеткерлер үлесі артып келеді. 2020 жылы 11,4% болса, одан бір жыл бұрын 11%, бес жыл бұрын 10,6%, 2011 жылы 9,9% болған. Балалар мен 15 жастан кіші жасөспірімдер үлесі 2020 жылы 30,3%-ға өссе, бір жыл бұрын 29,9%, бес жыл бұрын 27,8% және 2011 жылы 26,1% болды. Және де соңғы тренд қазіргі сәбилердің көп туу ахуалымен күшейе түседі. Мәселен, 2021 жылғы бірінші тоқсанда республикада 100,5 мың бала туды. Бұл - барлық соңғы жылдардағы тиісті кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жаңа туғандар санының өсімі 8,4% құрады. 

Осылайша, Қазақстан балалар, жасөспірімдер мен қарттар еліне айналып барады.

Серіктес жаңалықтары