×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Бұдан былай курьерлер мен таксишілер салық төлеуге міндеттеледі

29.03.2023, 15:09
Бұдан былай курьерлер мен таксишілер салық төлеуге міндеттеледі
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлер ресми түрде жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгул Сағындықова айтты. Оның сөзінше, заңнамаға «тәуелсіз жұмыскер» деген атау енгізілген.

«Әлеуметтік кодекстің жаңашылдықтарының бірі еңбек нарығын либерализациялау. Бұл өзгерістер негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік сын қатерлерден сақтандыру, ал тәуекел болған жағдайда әлеуметтік қолдауды қарастырады. Осы мақсатта бұл санаттағы азаматтарды «тәуелсіз жұмыскер» деген атау енгізілді - бұлар табыс әкелетін еңбек қызметімен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркелмеген тұлғалар. Мұндай қызметкерлердің қызметі онлайн-платформалар офертасына қосқан немесе жария шарт жасалған жағдайда ресми жұмыспен қамту деп танылады. Мысалы, онлайн Яндекс платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер осындай категориялардағы жұмыскерлерге жататын болады»,- деді вице-министр.

Сағындықова онлайн платформаларда жұмыс істейтін азаматтар әлеуметтік жағынан қорғалмағанын атап өтті.

«Яғни, әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда олар үшін әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналары төленбегендіктен, олар әлеуметтік қорғаудан шығып қалды. Әлеуметтік кодекс аясында біз бұл мәселеге үлкен көңіл бөлдік, енді бұл тұлғаларды әлеуметтік қорғау жүйесіне тарту жоспарлануда. Бүгін де Яндекс, Uber және Wolt компанияларымен келіссөздер жүргізілді, олар сол такси жүргізушілері мен курьерлер үшін міндетті әлеуметтік аударымдарды төлейтін болды. Яғни, онлайн платформалар өздері төлейді», - деп түсіндірді вице-министр.