×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Мұғалімнің «директор зорлады» деп шағымдануы: Министр Бейсембаев не дейді

04.04.2023, 10:41
Коллаж: ulysmedia.kz.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматыда №10 мектеп-интернаты мұғалімінің «директор зорлады» деген шағымына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жалпы кез келген ақпарат жіті зерттеліп, зерделенетіні белгілі. Өйткені бүгінгі күні комиссиялармыз қарап жатқан кезде айтылған ақпараттардың жанаспай қалатын кездері болады. Сондықтан, белгілі комиссия оны жіті зерттеп жатыр. Егер анықталған жағдайда шара қабылданады. Менің өзім Алматыдағы білім басқармасымен тікелей байланысып, тікелей бақылауға алуды тапсырма бердім», - деді Ғани Бейсембаев.

Министр баяндалған оқиғаны «растай да, жоққа шығара да алмайтынын» мәлім етті.

«Анықтап толыққанды білу керек. Мәселе толыққанды анықталсын. Содан кейін комиссияның шешіміне сәйкес жауап берем», - деді Ғани Бейсембаев.

Еске сала кетейік, Алматыдағы №10 мектеп-интернатының мұғалімі Гүлмира Тәжібаеваны сол мектептің директоры зорлады деп, мәселені алғаш журналист Ғазиза Райымбек көтерген еді. Оның айтуынша, сол даудан кейін мектеп директоры жұмыстан шығып кеткен.

Журналистермен сөйлеспеген директор қашып кеткен.

«Ащы Шындық бағдарламасының екі шығарылымын түсірдік. Ол (директор) мұғалімге жұмыс орнында минет жасауға мәжбүрлеген. Біздің бағдарламаға келген директор осының бәрін жоққа шығарды. Түсірілімнен кейін арыз жазып, эфирге бермеуді өтінді. Біз әрине оған көнбедік. Біздің редакция ақыры сотқа дейінгі претензияға тап болды. Шығарылым эфирге шықпайтын секілді. Бірақ үнсіз отырмаймыз. Мақала жаздық. Істі соңына дейін жеткіземін», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары