×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Алматы әкімдігі сайлауда "жеңілген" кандидаттарға митинг өткізуге рұқсат бермей қойды

07.04.2023, 15:33
Алматы әкімдігі сайлауда "жеңілген" кандидаттарға митинг өткізуге рұқсат бермей қойды
көрнекі фото

Сайлауда формалды түрде жеңілген кандидаттар, мәжіліс пен мәслихатқа өзін-өзі ұсынған үміткерлер Алматыдағы Республика алаңында митинг өткізбекші болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сайлау қорытындысына наразы болғандар "сайлаушылардың дауысы ұрлануына қарсы" митинг өткізгісі келді. Олар әкімдіктен 9 сәуірде наразылық акциясын өткізуге рұқсат сұраған. Алайда Алматы әкімдігі оларға митинг өткізуге рұқсат бермеді.

Өзін-өзі ұсынушылардың айтуынша, наразылық акциясын өткізуге рұқсат бермеудің өзі заңсыз, өйткені Қазақстанда митингілер тек хабарлама беру арқылы өткізілуі тиіс. Сонымен қатар, наразы топ әкімдік тым болмағанда басқа орын ұсынуы керек екенін атап өтті.

Әкімдіктің шешімімен бәрі бірдей келісе қойған жоқ: мысалы, Мұхтар Тайжан алған бетінен қайтпай,  9 сәуір күні түстен кейін алаңға баратынын айтты. Ол өзіне берілген дауыстар ұрланғанына сенімді.

Бұған дейін Алматыда  "Халық парламенті" құрылғаны хабарланған болатын. Оның құрамына Санжар Боқаев, Лұқпан Ахмедьяров, Инга Иманбай, Динара Егеубаева, Мұхтар Тайжан, Әсет Матаев, Арайлым Назарова және басқа да бір мандатты округтер бойынша бұрынғы кандидаттар кірді.

Еске салайық, елімізде мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 19 наурызда өтті. Биылғы сайлауда ел тұрғындарының белсенділігі тарихтағы ең төмен көрсеткіштердің бірі болды.

Сайлау қорытындысын мына сілтеме бойынша оқуға болады.