×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанда 62 мыңнан астам жетім бала баспанасыз жүр

18.05.2023, 13:38
Қазақстанда 62 мыңнан астам жетім бала баспанасыз жүр
көрнекі фото

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Соңғы 10 жылда 8 458 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспана алды. 2022 жылы 673 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспаналы болды. 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша баспана алу кезегінде 62 501 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұр», - деп атап өтеді үкімет басшысы жауабында.

Оның дерегінше, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар аталған санаттағы балаларды қолдау жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асырып жатыр. Онда бюджеттен тыс және демеушілік қаражат есебінен балаларды пәтермен қамтамасыз ету іс-шаралары көзделген.

«Мұнан бөлек, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне «Отбасы банк» АҚ-да депозиттік есепшот ашылған. Ол балалардың асыраушысынан айрылуына, мүгедектігіне байланысты жәрдемақылар, алимент есебінен, сонымен қатар әлеуеттік серіктестердің, бизнес құрылымдардың қаражат аударуы арқылы толықтырылып отырады», - дейді Әлихан Смайылов.