×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда жұмысынан айырылып, жәрдемақыға жан баққандар саны 96% өскен

06.09.2023, 15:44
Қазақстанда жұмысынан айырылып, жәрдемақыға жан баққандар саны 96% өскен
фото: ашық дереккөзден

Шілде айында 53,8 мың қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алған. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1%-ға артық, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 96,4%-ға көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, соңғы 8 айда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушылар санының тұрақты өсуі байқалып отыр. 

"Шілде айында төлемнің орташа мөлшері 65,3 мың теңгені құрады. Бұл соңғы 5,5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Алайда ең төменгі жалақы мөлшерінен 5 мың теңгеге аз. Шілде айында жұмыссыздық бойынша жәрдемақылардың жалпы сомасы 4,3 млрд теңгені құрағаны да таңқаларлық жайт емес", - делінген хабарламада.

Еске салайық,  елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,7% – жұмыссыздар саны 452,6 мың адам екені хабарланған.

Қазақстанда шілдеде жұмыс іздеушілер саны маусым айымен салыстырғанда 38,8 мыңға (+71%) өскен

Сондай-ақ бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр.