×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Өскеменде көлігіне «Z» белгісін салған тұрғын кешірім сұрап құтылды

08.09.2023, 07:55

Өскеменде көлігіне «Z» белгісін жазып алған ер адам арада біраз уақыттан кейін онысын өшіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілердегі кадрлардан арандатуды ұйымдастырған өскемендіктің өз әрекеттерін оғаш деп санамайтынын байқауға болады.

Десе де, біраз уақыттан кейін ол белгіні өшіріп, кешірім сұрады.

Ер адам көлігіне "Z" белгісін салуын өз тегінің сол әріптен басталатынымен түсіндірді (Зиновьев).

Еске салайық, наурызда өздерін Петропавл тұрғындарымыз деп таныстырған бір топ адам Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялады. Олар Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарды.

Көп ұзамай Мәжіліс депуттаттары аталған тұлғаларға қатысты Бас прокурорға хат жолданатынын мәлімдеген.

31 наурызда Бас прокуратура СҚО-дағы сепаратизмді насихаттау ісіне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

2023 жылғы 18 сәуірде Қылмыстық Кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша ( қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағандықтары үшін «Халық кеңесінің» үш мүшесі ұсталғаны белгілі болды.

Күдіктілердің мәлімдемесінде «Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау» белгілері бар екені анықталған еді.

Серіктес жаңалықтары