×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Электросамокаттардың көшеде жүру ережесін бекіту керек - депутат

14.10.2021, 12:50
фото: Ашық дереккөзден

Нұртөре Жүсіп жаяу жүргіншілерді заңды түрде қорғауды ұсынады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сенатор Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында жол қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Депутаттың айтуынша, электросамокаттар, самокаттар мен гироскутерлер тек олардың иелерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Ресми деректер бойынша, биылғы жылғы 8 айда осындай қозғалыс құралдарының қатысуымен 387 жағдай тіркелген, салдарынан 25 адам қаза тапқан, ал 411 азамат жарақат алған.

«Электрсамокаттарды әкелуді және қауіпсіз пайдалануды құқықтық реттеу қажет деп білеміз. Сізден жоғарыда аталған құрылғыларды жіктеу және заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізу мәселесін тездетіп пысықтауды сұраймын. Еуразиялық экономикалық одақтың салалық техникалық регламенттерінің нормаларын ескере отырып, кедендік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде регламенттер мен стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін құрылғылардың шеттен әкелуін шектеу бойынша шаралар қабылдау маңызды», - деді Нұртөре Жүсіп премьер-министр орынбасары Роман Склярға жолдаған депуттатық сауалында.

Серіктес жаңалықтары