×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Өзің білме, білгеннің тілін алма: Қазақстандағы мемлекеттік коммуникация келбеті қандай

22.09.2023, 19:32
Фото: Ulysmedia.kz

Бүгін елордадағы Hilton Garden Inn қонақүйінде жыл сайынғы «International PR Forum Astana» өтті, деп хабарлайды Ulysmedia тілшісі.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен мемлекеттік құрылымдардың, ұлттық компаниялардың, бизнес-құрылымдардың және медиа қоғамдастық өкілдерінің 100-ден астам баспасөз хатшылары мен қоғаммен байланыс жөніндегі менеджерлері қатысқан форум тартысты өтті.

Пленарлық отырыста қатысушылар онлайн платформалар мен онлайн жарнама туралы жаңа заңды талқылады.Бұл парламентарийлер тұрғысынан қаншалықты пайдалы және нарықтың тікелей ойыншылары қандай тәуекелдерді көреді деген сұрақтарды ортаға салды. 

Ең тартысты өткен «Мемлекеттік коммуникациялар #ЖаңаҚазақстан» панельдік секциясында бүгінгі таңда мемлекеттік аппарат пен халық арасында коммуникациялар құру жұмыстары қаншалықты тиімді жүргізіліп жатқаны туралы әңгімелесті. Қандай мәселелер бар, оларды шешу үшін қандай қадамдар жасау керек деген сұрақтарға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, Ulysmedia.kz ақпараттық-талдау сайтының негізін қалаушы және бас редакторы Самал Ибраева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет, сондай-ақ, Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан жауап берді. 

Конференцияны алғы сөзімен «PR-шы» клубының негізін қалаушы, ҚБжҰҚ кеңесінің төрағасы, Қазақстан баспасөз клубы / PG Communications CEO Әсел Қарауылова ашты. 

Коммуникациялар бойынша жетекші сарапшылар сөз сөйлейтін біздің салалық алаңымыз бүгінгі күннің трендтері мен сын-тегеуріндерін көрсетеді. Мемлекеттік коммуникациялар, оның ішінде халықпен, жоғары деңгейдегі кәсібилік пен ашықтықты, барлық стейкхолдерлермен жұмыс істеуде жүйелілікті, заманауи коммуникация құралдарын пайдалануды талап етеді. Форумда біз нақты кейстерді талқылаймыз және біздің ақпараттық өрістегі мәселелерді шешуге арналған ұсыныстарды әзірлейміз, – деп атап өтті Әсел Қарауылова. 

Мемлекеттік коммуникациялар сессиясының модераторы, белгілі PR маман Салтанат Әскербекқызы мемсектордағы баспасөз хатшыларының жұмысының көрінбей қалуына - арнайы механизмнің жоқтығы себеп болып тұрғанын алға тартты. 

Аталған мәселенің шешіміне екі нәрсе себеп - менеджмент және ішкі коммуникация. Ішкі коммуникация іштен басталады. Біздің мемлекеттік құрылымдарда ол жоқ, басшылардың өзі жұмысты неден бастау керек екенін түсінбейді. Баспасөз қызметкерлері оқу кезінде «бәрі күшті, бірақ біз бастықтың сөзінен аса алмаймыз» дейді. Жауапты басшылар коммуникация құруды өздері білмейді, білгеннің тілін алмайды. Мемлекеттік сектордағы баспасөз өкілдері теория жүзінде жұмыс механизмін білгенімен, іс жүзінде оны жүзеге асыруға кедергілер көп. Баспасөз хатшысынан бөлек, Pr-кеңесші қызметіне жүгініп отырған министрліктер бірді-екілі ғана. Салдарынан халықпен байланыс аз, нәтижесінде халықтың билікке деген сенімі жоқ. Сенімнің болмауы - менеджментте проблема бар дегенді білдіреді. Ішкі коммуникация іштен басталады,- деп пікір білдірді Салтанат Әскербекқызы. 

Ерболат Мұхамеджанның сөзінше, шенеуніктер жіберген қателіктерін ашық мойындамайды. Ол аздай блогерлерді жалдап, тапсырыспен пост жаздырады. 

Қаншама факаптар болды, бірақ ешқандай шенеунік, иә, қателік кетті», немесе «кешірім сұраймыз» деп мойындаған жоқ. Мысалы, Семейдегі өрт үшін мемлекет басшысы Тоқаев өзі кешірім сұрады. Мемлекет басшысынан басқа бірде-бір жауапты тұлғаның кешірім сұрағанын көрген жоқпыз. Тіпті Астананың экс-әкімі Алтай Көлгіновтің «қарды жақсы күреді» деп ақылы пост жаздырғанын естігенім бар. Мұның бәрі мемлекеттік коммуникациядағы жұмыс деңгейінің көрсеткіші,- деді Ерболат Мұхамеджан.

Самал Ибраева елдегі коммуникацияның өзекті проблемасы - білікті кадр тапшылығында деп пікір білдірді. 

Мәселе коммуникацияда емес, кадрда. Мемлекеттік секторда біліктілігі жоғары кадрлар тапшы. Әйтпесе, Асхат Аймағамбетов, Санжар Жаркешов, Әсел Жанасова сияқты мықты менеджерлер бар, бірақ аз. Кадрлық саясат әлсіз болып тұр. 

Еске салайық, іс-шараны «PR-шы» қоғаммен байланыс жөніндегі кәсіпқойлар клубының, Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастықтың (ҚБжҰҚ), Media Marketing агенттігінің және PR және коммуникациялар туралы PR drive онлайн ресурстың қолдауымен Қазақстан Баспасөз клубы/Promo Group Communications коммуникациялық тобы өткізді.

Серіктес жаңалықтары