×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде үсік жүреді

13.09.2021, 12:30
фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет 2021 жылғы 14-16 қыркүйектегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді.

«Республиканың солтүстік аймақтарында әлі де салқын және желді ауа-райы сақталады, жаңбыр жауады. Еліміздің қалған аумағында жауын-шашын болмайды. Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 3-15 градус, күндіз 20-28-ден 15-20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте түнде ауа температурасы 2-13 градус болса, күндіз 15-25 градус болады, ал 14 қыркүйекте 2 градус үсік жүреді. Орталық және шығыста 3-12 градус үсік жүрсе, 14 қыркүйекте 3 градус үсік жүреді, ал күндіз температура 13-23-тен 20-28 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы 10-18 градус, күндіз 23-30 градус жылы болады», - дейді Қазгидромет.

Серіктес жаңалықтары