×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Елімізде есірткі қылмысына қатысты жаза күшейді

Елімізде есірткі қылмысына қатысты жаза күшейді
фото: Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Қазақстандағы криминогендік жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Бір апта ішінде 3059 қылмыс жасалды. Оның 2035-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай, 11 кісі өлтіру, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 4 қарақшылық, 42 тонау және 515 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Н.Ораз арнайы брифингте.

Бұған қоса ол ішкі істер министрлігінде алқа отырысы өткенін айтты. Онда есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі жұмыс қаралыпты.

«Есірткі құралдарын интернет арқылы жарнамалау және тарату үшін жауапкершілік күшейтілді. Заңсыз айналымға жедел ден қою және оны болдырмау үшін есірткінің жаңа түрлеріне тыйым салынады. Есірткіге қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейтілді», - деді ресми өкіл.