×
451.31
487.32
4.9
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
451.31
487.32
4.9

Мәжіліс Сенатпен келісті: "Ұлттық қор – балаларға" жобасы туралы заң мақұлданды

18.10.2023, 11:07
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық қордан балаларға ақша бөлуді көздейтін заң жобасы Сенатта айналып, Мәжіліске қайта жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаттары құжатқа сенаторлар енгізген түзетулермен келісті.

Сенат депутаттары құжаттан "нысаналы жинақтау" ұғымын алып тастау керегін айтқан, өйткені олар БЖЗҚ-ның нысаналы жинақтау шоттарында ғана болуы мүмкін. Сондай-ақ ұлттық әл-ауқат қорының жалғыз акционерінің құзыретін регламенттейтін нормалардың қайталанғаны атап өтілді.

 Заң 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс. Құжат бойынша Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы әр балаға 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтау шотына жиналады. Ол ақшаны 18 жасқа дейін ешкім ала алмайды.

Енді заң жобасына президент қол қоюы тиіс.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов "Ұлттық қор - балаларға" жобасының қалай іске асырылатынын түсіндірген. Оның айтуынша, бейінді мемлекеттік органдар балалардың жеке шоттарына қаражат аударуға 100% дайын.

"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз зейнетақы аударымдары ретінде аударамыз. Кірістер әр баланың жеке шотына түседі. Ол 18 жасқа толғаннан кейін бұл ақша оған төленеді. Есеп доллармен жүргізіледі, біз балалардың жинақтарын 18 жыл ішінде ықтимал құнсызданудан сақтағымыз келеді. Ол 18 жасқа толғаннан кейін қаражатты теңгемен алады", - деді Сүлейменов.

Серіктес жаңалықтары