×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Елімізде азық-түлік бағасы тағы шарықтады

19.10.2023, 16:17
Коллаж: Ulysmedia.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өткен аптада 0,1%, ал жылдық мәнде 5,5% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Бюро мамандары ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасын жариялады:

  • Күнбағыс майы – 750тг/л;
  • Сүзбе – 2101тг/кг;
  • Қырыққабат – 160тг/кг.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда азық-түлік бір жылда 35% қымбаттағаны хабарланған.

Жуырда еліміздің 13 облысында ұн бағасы шарықтады.

Бұдан бұрын елде инфляцияның тежелгенін сүйіншілеген Ұлттық банк пен Үкімет бұл кімнің еңбегі екенін анықтай алмай, жарты жеңіске таласып қалған.

Алайда қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетовтің пікірінше, инфляцияның төмендеуі – маусымдық құбылыс.

Күзде инфляция әрдайым төмендейді, өйткені егін жинау науқанында өнімдер арзандайды. Тек осы табиғи себептерге байланысты инфляция 11,8 пайызға дейін төмендеді. Желтоқсан айында инфляция қайтадан жеделдейді, қаңтарда ол қарқын алады, ақпанда біз үнемі азық-түлік инфляциясының шарықтау шегіне жетеміз. Өйткені тамақ жоқ, оны сақтау қиындайды – бәрі қымбаттайды. Сондықтан қазіргі төмендеу Ұлттық Банктің еңбегі болуы мүмкін, бірақ әдеттегі маусымдық фактордың әсері көбірек, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары