×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Төрт кредитімді жаба алмай отырмын»: Несиеге батқан көпбалалы ана Мәжілісте сөз сөйледі

20.10.2023, 10:41
Фото: Скриншот

Түркістан облысы Түлкібас ауданынан келген Мөлдір Тұрысбекова атты азамат Мәжіліс мінберінде сөз сөйлеп, өзі секілді қарызға батқан азаматтарды қаржылық сауаттылықты арттыруға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Өзім кредит алған кезде мүлде пайызына қарамаппын. “Қарызсыз қоғам” жобасы бойынша оқу барысында көптеген мәселені шешіп алдым. Өзім қарызға үйренгендіктен бе, балаларым да қарызға бейім. Дүкеннен қарыз алғалы жатсам, “мама, мен де алайыншы” дейді. Балаларға ондай нәрсені үйретпеуге тырысып жүрмін. Айлығым - 131 мың теңге, жәрдемақым - 55 мың теңге. Кредитім - 250 мың теңге. Ол кредитті мен төлеп жатқан жоқпын. Банк шоттарымды бұғатттап тастады. Қаржы сарапшыларының арқасында шоттарымның біреуін ғана аштым. Қалғаны жұмыс үстінде, – дейді ол.

Түлкібас тұрғыны “яғни менің айтқым келгені – мен көпбалалы аналар атынан келіп тұрмын” деп, себепсіз несие алмауға шақырды.

– Аз пайызбен несие алуға мүмкіндік берсе, бизнес ашқымыз келеді. «Қарызсыз қоғам» жобасын оқып, ары қарай жалғасын таба берсе деген ойдамын, – дейді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтардың саны артқанын мәлімдеген.

Қошанов келтірген мәліметке қарағанда, қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4  миллионнан астам адамның қарызы бар екен. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі – шамамен 1,4 трлн теңге. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары