×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Несие проблемасы сізде ғана жоқ: Қошанов қаржыгерлер қауымдастығы төрағасына шүйлікті

20.10.2023, 12:54
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжіліс cпикері Ерлан Қошанов парламенттік тыңдау барысында елімізде халықтың несиеге тәуелділігі күрделі мәселе еместігін мәлімдеген Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутоваға ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ерлан Қошанов бүгінгі жиында Елена Бахмутова несие алушылардың көбеюі қаржылық тұрақтылыққа қауіп төндірмейтінін айтқан жалғыз адам екенін атап өтті.

"Банк саласы өкілі Елена Леонидовна несиелік ұйымның атынан сөйлеп тұр, біз түсінеміз. Бірақ сіздің айтқаныңыз –  коллекторлық ұйымдарға беру арқылы  несие өтеу мерзімін кешіктіруді азайту, яғни банктер коллекторлық ұйымдарға тапсырды және мәселе шешілді. Солай ма? Бұл көрсеткіштерді жасанды түрде жақсарту деп айтуға болады", - деді Мәжіліс спикері.

Қошанов Президент, үкімет, депутаттар, өңірдегі сарапшылар халықты несиеге тәуелділігі күрделі мәселеге айналғанын  мойындайтынын атап өтті.

"Барлық қаржы ұйымдары өз ұстанымдарын шұғыл түрде өзгертіп, халқымыздың шамадан тыс қарызға батуы үшін жауапкершіліктерін түсінуі керек. Біз бұл жұмысқа бірге жұмылуымыз керек, жекелеген банктер қаржылық сауаттылықты арттыруға көмектесуде, арнайы мамандарды жұмысқа алып жатыр", - деп қорытындылады Қошанов.

Бұдан бұрын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтардың саны артқанын мәлімдеген.

Қошанов келтірген мәліметке қарағанда, қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4  миллионнан астам адамның қарызы бар екен. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі – шамамен 1,4 трлн теңге. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, халықтың қарызға белшеден батуы ауыр зардаптарға әкелуде. Мәселен, биыл несиесін өтей алмаған 12 адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Серіктес жаңалықтары