×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

"Үлгі болу құқығынан айырылды": Израиль Грета Тунбергтің есімін оқулықтардан алып тастамақ

23.10.2023, 17:16
foreignpolicy.com

Израиль билігі Палестина мен Газа секторын қолдаған швед экобелсендісі Грета Тунберг туралы барлық ақпараттарды мектеп бағдарламасынан алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РБК-ға сілтеме жасап.

"Бұл ұстаным оны моральдық және білім беру құндылықтары тұрғысынан үлгі болу құқығынан айырады әрі енді ол Израиль оқушыларына үлгі бола алмайды", - деп хабарлады Израильдің Білім министрлігі.

Осыған дейін Грета Тунберг палестиналықтарды қолдап, Палестина мен Газа секторын қолдау мақсатында акция өткізді. Ол X (Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында сол жайлы жазба жариялады.

"Әлем атысты дереу тоқтатуға, әділеттілікке, палестиналықтар мен барлық зардап шеккен бейбіт тұрғындарға бостандық беруге үн қосуы керек", - деп жазды ол.

Айта кетейік, 7 қазаннан бері бүкіл әлем Таяу Шығыстағы соғысқа көз тігіп отыр. ХАМАС пен Израильдің қақтығысынан мыңдаған бала құрбан болды. Газа секторының бейбіт тұрғындары қырылды, үй-күйсіз қалды. Израиль соғыстың бірнеше айға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазақстан ХАМАС-тың  израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптады. Сондай-ақ, еліміз Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары