×
448.89
487.09
4.89
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.89
487.09
4.89

Республика күні неліктен Қазақстандағы басты мереке

25.10.2023, 14:23

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Республика күні неліктен еліміздің басты ұлттық мерекесі екенін түсіндірді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

1990 жылы 25 қазанда еліміздің Жоғарғы Кеңесінің отырысында алты сағатқа созылған қызу талқылаулардан кейін Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Жобаның өзін депутаттар, ғалымдар, қоғам қайраткерлерінен құралған қалың топ бес ай бойы әзірледі. Ал Қазақстан тарихында тұңғыш рет іргелі мемлекеттік құжат белсенді қоғамдық талқылаудан өтті.

Декларацияда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері белгіленді.

Алғаш рет елдің егемендік құқықтары бекітілді:

  • республика аумағының қолданыстағы шекаралардағы бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылық қағидаттары;
  • республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі;
  • Республиканың Азаматтық институты;
  • республиканың мемлекеттік билігінің ішкі және сыртқы саясатында үстемдігін, тәуелсіздігін және толық өкілеттіктерін қамтамасыз ету;
  • бүкіл ұлттық байлық республиканың айрықша меншігі болып жарияланды (жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи құндылықтары, экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует);
  • республиканың халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде әрекет ету, сыртқы саясат мәселелерін дербес шешу құқығы.

«Осылайша, 1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіздігімізді алудың алғашқы қадамы жасалды. Республиканың егемендігі туралы Декларация – тарихтағы тұңғыш конституциялық құжат, қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің негізі. Бір жылдан кейін 1991 жылғы 16 желтоқсандағы декларацияның қағидаттарына сүйене отырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң еліміздің егемен және тәуелсіз мемлекет мәртебесін түпкілікті қамтамасыз етті. Сондықтан Республика күні – еліміздің шынайы тәуелсіздікке жету жолындағы батыл қадамының басты белгісі», – деп жазды Ерлан Қарин.

2022 жылдан бастап Қазақстанда Республика күні жыл сайын 25 қазанда тойланады. Бұрын 1995–2009 жылдары аталып өтілген, бірақ Нұрсұлтан Назарбаев күшін жойған.

Серіктес жаңалықтары