×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен Кремль Алматыдағы «НАТО орталығы» туралы айтты

25.10.2023, 16:42
АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Алматыда «НАТО орталығы» ашылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір күн бұрын кейбір ресейлік ақпарат құралдары АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Алматыда «НАТО орталығын» ашты деген ақпарат таратқан болатын.

«Бұл бітімгершілік туралы дерек, мен дұрыс түсіндім бе? Әрине, әлі де жан-жақты ақпарат жинау керек. Бітімгершілік миссияларының өзіндік ерекшеліктері бар. Онда қазақстандық әскерилер әлемнің әр түкпіріндегі шараларға қатысуы керек. Біз Астанадағы әріптестерімізден қосымша ақпарат аламыз деп үміттенеміз», - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі өз кезегінде департаменттің бітімгершілік операциялар орталығында жаңа конференц-залдың ашылуы туралы ғана айтып отырғанымызды жеткізді.

«Орталық 2006 жылдан бері Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік құрамдас бөлігін дамытуға арналған оқу орны ретінде жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Владимир Путин «НАТО-ның әскери инфрақұрылымының Ресей шекарасына жақындауын» «негізгі қауіп» және Украинадағы соғыстың басталуының «себептерінің бірі» деп атаған болатын.

Серіктес жаңалықтары