×
448.89
487.09
4.89
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.89
487.09
4.89

«Айыпталушылардың мекенжайын көрсетіңіз»: сот Назарбаевтарды жауапқа тартудан неге бас тартты

26.10.2023, 09:01
Коллаж: Ulysmedia.kz

"Томирис" кітабының авторы Ержан Орымбетов Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлия Назарбаеваны авторлық құқықты заңсыз иемденгені үшін сотқа бергеннен кейін бір ай өткен соң Қазақстанның сот жүйесі қылмыстық іс қозғаудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Ескі Қазақстан" әлі де билігінен айырылған жоқ

Ulysmedia.kz редакторларымен тілдескен Ержан Орымбетовтың айтуынша, ол бірнеше күн бұрын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, сот оның ісі бойынша шешімді созбаққа салғанын жеткізген. Содан соң бір күн өтпей авторға арызының қанағаттандырылмағаны хабарланған.

Қылмыстық іс қозғалмау себептерінің бірі – талапкердің сотқа Назарбаевтардың тұрғылықты жері мен ЖСН-ін ұсынбауы.

- Мен мұны қайдан білемін? Бұл деректерді бүкіл Қазақстан білмейді, - деп ашуланды Орымбетов.

Бұдан бөлек, судья талапкерден мемлекеттік баж салығын төлеуді сұраған.

- Талап қоюды ұлғайтуды жоспарлағанмын, бірақ ондай жағадайда баж сомасы 1,5 млн теңге болады. Заң бойынша авторлық құқығы бұзылған адам баж салығынан босатылған. Жақында бір журналист "5:32" фильмін түсірушілер авторлық құқықты бұзуы мүмкін екендігі туралы 350 млн теңгеге талап арыз берді, бірақ ол 3,5 млн теңге салық төлеген жоқ. Мен неге төлеуім керек? - деді жазушы.

Ол мұндай әрекеттер "жүйенің" Назарбаевтар отбасына әлі де қорғаштайтынын көрсететінін атап өтті.

“Олар маған қоқан-лоқы көрсетті”

- "Томирис" атты кітабымды 2013 және 2016 жылдары Назарбаевқа ғана емес, бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және "Қазақфильм"басшылығына фильм түсіру туралы ұсыныспен жолдадым. "Томирис" фильмін қабылдау кезінде олар фильмді плагиатқа тексеруге міндетті болды, бірақ олай етпеді. Бұған үш миллиард теңге бюджет қаржысы жұмсалды, - деп атап өтті Орымбетов.

Фильм шыққаннан кейін автор қазақстандық басылымдардың бірінде плагиат туралы мәлімдеген, сол күні оған полиция келіпті.

– Шу шығарсам, 5 жыл түрмеде отыратынымды түсіндім. Бірақ мен плагиат туралы жазуды және айтуды тоқтатқан жоқпын. Содан кейін қоқан-лоқы көрсету басталды: олар менің көлігімдегі шиналарды кесіп тастады, пошта жәшігін сындырды және т.б., – деп қосты жазушы.

Орымбетовтың пікірінше, фильм мен кітаптағы "сәйкестіктер" өте көп, бұл айқын плагиатты көрсетеді.

- Мен плагиат ауқымының орасандығына қарамастан мемлекет Назарбаевтардың мүдделерін қорғауға кіріскеніне ұяламын. Осыдан кейін жаңа немесе әділ Қазақстан туралы қалай айтуға болады? Мен жалғыз өзім бәріне қарсы не істей аламын? Адамның бәрі заң алдында тең болуы керек - деп атап өтті жазушы.

Еске салайық, ҚР мәдениет министрлігі мен "Қазақфильм" АҚ-ның авторға жазған бірлескен жауабында кітап пен фильмдегі сәйкес келетін тұстар аз және кездейсоқ екені айтылған. Алайда автор Мәдениет министрлігінің жауабы шындыққа жанаспайтынын айтты. 

"Мысалы, менің кітабымдағы ерекше сөз тіркесі "Хватит слов!” фильмде үш рет айтылады. Ал менің шығармамдағы Кирдің сақ тайпаларына арналған "Я сотру их с лица земли" деген жеке сөйлем фильмде екі рет қолданылған. Менің жұмысымнан көшірілген мұндай тіркестер көп. Олардың барлығы қосымшада ұсынылған. Спаргапистің ұлы 3 жасында ат үстінде отырғанда және 4 жасында садақ тартқанда, менің кітабымнан ерекше үзінді фильмдегі үш көріністе бар. Менің еңбегімнен осындай ондаған көріністер алынған", - деп атап өтті Орымбетов.

Ол соттан жауапкерлерден талапкердің пайдасына моральдық және материалдық залалды өндіріп алуды сұраған болатын.Талап етілген сома – 50 миллион теңге.

"Томирис" – режиссер Ақан Сатаевтың сақ патшайымы мен Ұлы Кир туралы баяндайтын қазақстандық көркем фильмі. Фильмнің премьерасы 2019 жылдың қыркүйегінде өтті.

Продюсері – Әлия Назарбаева.

Серіктес жаңалықтары