×
483.23
534.74
5.12
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
483.23
534.74
5.12

Экологиялық апаттың алғышарты: ақбөкендер Қазақстаннан үдере көшіп жатыр

26.10.2023, 08:23
Экологиялық апаттың алғышарты: ақбөкендер Қазақстаннан үдере көшіп жатыр
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық зооқорғаушылар пікірінше, ақбөкендер Батыс Қазақстан облысынан Ресей аумағына үдере көшіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгінгі таңда ақбөкендердің санын реттеу мәселесі қазақстандық қоғамда ең көп талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. "Мой город" басылымының ақпараты бойынша, киіктердің көп бөлігі Қазақстаннан Ресей Федерациясының Астрахан облысының аумағына көшкен.

Орал тұрғыны Анаргүл Әмірова айтуынша, жануарлардың Ресейге үдере көшуінің басты себебі – ел билігінің оларды атуға кірісуі.

- Мен Ресей Федерациясының табиғат министрлігінен оларды біздің қаскөйлерден қорғауды сұрадым. Ресей оларға қастандық жасамайды, өйткені олар бөкендердің сирек кездесетін түрінің құндылығын түсінеді. Менің өтінішім тіркелді және жақын арада маған жауап берілетінін айтты, - деді Анаргүл Әмірова.

Сонымен қатар, әйел жеке пикетке шығуға және Қызыл кітапқа енген жануарларды атуды тоқтату жөніндегі талабын көп құлаққа естіртуге дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ерлан Нысанбаев киіктерді түнгі уақытта ату көзделіп отырғанын жеткізген. Министрдің айтуынша, ақбөкендер ауыл шаруашылығына 12 млрд теңге шығын әкелген.

Еске салсақ, 2022 жылы экология министрі Серікқали Брекешев ақбөкендер фермерлердің егінін таптап жатыр деп мәлімдеген еді. Содан кейін ведомство «жануарлар санын реттеу шеңберінде» 80 мың ақбөкенді ату туралы шешім қабылдаған.

Бұл шешім қоғамның біршама сыны мен наразылығын туғызып, қазақстандықтар экология министрлігінің жоспарына қарсы петицияға қол қойды. Ақыры, іске президент араласып, министрге сөгіс жариялап, бастаманы тоқтатты.

Кейіннен экология министрлігі қоғамның қарсылығы мен президенттің ескертуіне қарамастан, киік атуды заңдастырылатынын мәлімдеген.