×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды

26.10.2023, 10:04
Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қашан босатылатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҚ өкілдері Шындалиевтен Қайрат Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатынын сұрады.

«Қазір сот шешімі шықты. Сот шешімі заңды күшіне енген кезде. Нақты датасын айта алмаймынн. Қазір есімде жоқ. Сот шешімі қателеспесем, бір апта бұрын қабылданды ғой деймін», – деп жауап берді ол.

«Яғни бір аптадан кейін шығуы мүмкін бе?» деген сұраққа Шындалиев «иә» деп жауап берді.

Еске салайық, жуырда белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ісі бойынша апелляциялық сот үкімі шықты. Сот кәсіпкердің жазасын жеңілдетті. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Боранбаевтан мемлекет кірісіне:

  • Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы коммерциялық үй-жай және  686 млн теңгенің жер учаскесі;
  • Банк шотындағы 1 млрд 270 млн 190 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат;
  • Халық банкіндегі түрлі шоттардағы 5 млн 685 мың 727 доллар, 1 млн 170 мың 329 доллар, 755 млн 859 мың 601 теңге, 193 млн 170 мың 137 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат тәркіленді.

Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев мемлекетке құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақүйді тапсырды, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды және өзінің меншігіндегі сауда орталығы мен фитнес желісін мемлекет меншігіне өткізді. 

Бұдан бөлек, кәсіпкердің жалпы құны 58 млрд теңге болатын кен орны, зауыты пен компаниясы мемлекетке өтті.

20 қарашада Боранбаевтың түрмедегі жазасы бас бостандығын шектеуге алмастырылғаны белгілі болды.Сотталушы пробациялық бақылауда болады.