×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген экс-депутатқа үкім шықты

26.10.2023, 14:08
әлеуметтік желіден

Ауданаралық сотта мас күйінде көлік жүргізгені үшін бұрынғы депутат Сания Мұратоваға қатысты шешім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот оны кінәлі деп танып, 15 тәулік қамауға алу жазасын тағайындады. Сонымен қатар Мұратова жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Бұдан бұрын Сәния Мұратова депутаттық мандатын тапсырған.

Оқиға қыркүйек айында болды. Мұратованы жол патрулі ұстады, өйткені жол сақшыларына ол көлікті мас күйде жүргізіп келе жатқандай көрінген. Жүргізілген сараптама әйелдің қанында алкоголь болғанын растады.

Сәния Мұратова 2021 жылдан бастап Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты болды. Ол – «Life Style» фитнес-центрінің директоры.  Ашық дереккөздерде депутаттың екі баласы, бес немересі бары жазылған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодар облысында мектеп директоры мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынған.

Серіктес жаңалықтары