×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Тасмағамбетов Еуразияда әскери-саяси шиеленіс өскенін мәлімдеді

26.10.2023, 14:40
фото: ашық дереккөзден

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов "Еуразиялық қауіпсіздік: өзгеріске бет бұрған әлемдегі шындық пен перспективалар" атты халықаралық конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол қызу қақтығыстар көбінесе геосаяси текетірестер құралына айналатынын атап өтті.

"Мамандар Еуразиядағы әскери-саяси шиеленістің өскені бірнеше жылдан бері айтып келеді. Стратегиялық тұрақсыздық жағдайында уақытша дамылдаған қақтығыстар қайта ушығып, жаңалары пайда болады", – деді ол.

Тасмағамбетов халықаралық қауіпсіздікке төнетін қауіптердің барлық спектрі бойынша жетекші әлемдік державалар арасындағы диалогтың болмауына байланысты болжамды салдары бар жаңа дағдарыстық жағдайлар сөзсіз туындайтынын айтты.

"Өз кезегінде ҰҚШҰ әрқашан біріктіруші ұстанымына адал. Жағдай барлық жаһандық және аймақтық орталықтардың, соның ішінде әскери-саяси одақтардың назарын аударуды талап етеді", - деді ол.

Серіктес жаңалықтары