×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

«Қымбаттым, байлық салығын төле»: Қуантыров несиеге алынған қымбат мүліктер жайлы

27.10.2023, 13:12
Коллаж: Ulysmedia.kz

Елімізде несиеге сатып алынған қымбат мүліктерге де байлық салығы салынады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Байлық салығы салынатын нысанның қалай сатып алынғаны маңызды емес. Қолма-қол ақшаға сатып ала ма, несиеге сатып ала ма, бәрібір. Бастысы, сатып алған жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікті тіркеу алымын төлеуі керек», - деді министр.

Бұл ретте Қуантыров несиеге сатып алынған iPhone-ға сән-салтанат салығы салынбайтынын атап өтті.

"IPhone ең көп дегенде $1500-2000 тұрады. Біз өте қымбат заттар туралы айтып отырмыз. Егер адам өзіне 200-300 мың долларға автокөлік сатып алып, ішінара автонесие алса, қымбаттым, сән-салтанат салығын төле!", – деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын ҰЭМ басшысы табысы жоғары азаматтарға салық қалай салынатынын түсіндірген.

«Бізде 5-тен 20 пайызға дейін прогрессивті салық салудың төрт сатылы жүйесі болған. Дәл осы жерде біз 10 пайыздық бірыңғай шкаланы қалдырғалы отырмыз. Оған қосымша 15 пайыздық прогрессивті салық салынады. Оның көлемі жылына 480 ең төменгі айлық көрсеткіші көлемінде болады. Бұл шамамен 40 млн теңге. Егер одан артық болса, яғни, 50 млн теңге тапса, 10 млн теңгеден артық табысына 15 пайыз төлейді.  Бұл халықтың аз бөлігін ғана қамтиды және көлеңкелі экономиканың артуына түрткі болмайды», - деді Қуантыров.

Серіктес жаңалықтары