×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстандықтардың депозитіне салық салына ма – министр жауап берді

27.10.2023, 14:46
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуандықов ведомство қазақстандықтардың депозиттеріне қосымша салық салу жоспарынан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Сенатта жаңа салық кодексі бойынша парламенттік тыңдау өтті. Парламент кулуарларында журналистер Әлібек Қуантыровтан құжатты әзірлеушілер жеке тұлғалардың депозиттеріне салық салуды жоспарлап отыр ма сұрады. 

Министр депозиттерге салынатын салық мәселесін талқылау күн тәртібінен алынып тасталғанын айтты.

"Біз бұл идеядан бас тарттық. Депозиттерге салық салынбайды", - деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда депозиттерге жеке табыс салығы енгізілуі мүмкін екендігі хабарланған болатын. Алайда бастамаға әуелден қарсылық көп болған.

Серіктес жаңалықтары