×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Арселордағы апат: қаза тапқандар саны 21 адамға жетті

28.10.2023, 11:21
Фото: Ашық дереккөз

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 21 адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаза тапқандар саны 21-ге жетті, тағы 23 кеншіні іздеу жалғасуда.

252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылып, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген.

Төтенше жағдай бүгін түнде болды.

Айта кетейік, «Қазақстан» кенішінде («АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі) жақында болған қайғылы оқиғадан бері небәрі 2 ай өтті.

Жақында «Қазақстан» кенішіндегі өрттен кейінгі кеншілердің қазасына басшылықтың 100% кінәлі екені белгілі болды.

АМТ кәсіпорындарындағы өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың барлық шектен шыққан статистикасы интернет қолданушылардың ғана емес, мемлекет басшысынан бастап шенеуніктердің де наразылығын тудырды. 

23 сәуірде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ заңгері Ирина Эм өлтірілгені белгілі болды. Оның зорлық-зомбылық белгілері бар денесін шақыртуға келген Шахтинск қаласының өрт сөндірушілері тапты. Ulysmedia.kz тілшісі бұл оқиғаның өндіріспен байланысты екенін анықтады.

Бұған дейін ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АМТ иелігін өзгерту жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары