×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Сайлау: Зеленскийге ақыл айтам деп мандатынан айырылған Башинскаяның орнын кім басты

30.10.2023, 11:21
фото: ашық дереккөзден

Украина басшысына ақыл айтамын деп мандатынан айырылған Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Анна Башинскаяның орнына жаңа адам сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, №4 бірмандаттық сайлау округі бойынша дауыс беруге — 7117 сайлаушы, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс — 13 адам қатысты.

Сайлау қорытындысы бойынша Е. Бакарасова — 4652 дауыс жинады. А. Молдасановқа — 640 адам, М.Күкетаеваға — 573 адам, Ж. Сабрайымға – 351 адам, Д. Лактюшинге — 243 адам, ал Н.Новосельцеваға — 291 адам дауыс берген.

«Сайлау қорытындысымен № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып Елена Евгеньевна Бакарасова сайланды», — делінген Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Алматы мәслихатының жаңа депутаты Елена Бакарасова – кәсіпкер, «Концерн Bakarassov» ЖШС бас директоры.

Еске салайық, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Анна Башинская Украина Президенті Владимир Зеленскийдің «Deutsche Welle» басылымына берген сұхбатында Қырымды қайтару туралы мәлімдемесіне «Зеленский мырза, Қырымнан көрі Түркия дұрыс, ол жақтың ауа райы қолайлы» деген мағынада пікір білдірді.

Желі қолданушылары депутаттың бұл пікірін сынға алып, мандатын тапсыруын талап етті.

Қоғам наразылығынан кейін А.Башинскаяның депутаттық мандатын тапсырды. Ол  Amanat партиясынан да шығарылды.

Серіктес жаңалықтары