×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Газадағы қақтығыс: шетелдіктерді шығару үшін Египеттегі шекара өткелі ашылды

01.11.2023, 15:06
AFP

Шетелдік азаматтардың алғашқы топтары Египет шекарасындағы Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан шыға бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

The Times of Israel басылымының жазуынша, 1 қарашада Палестина аумағынан Рафах өткізу пункті арқылы 400-ге жуық шетелдік шыға алады деп күтілуде. Сонымен қатар Газа секторынан ауыр жарақат алған 90 адам шығарылатыны хабарланды.

Египет билігінің бақылау-өткізу бекетінің жанынан далалық аурухана ашқан.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, Катардың делдалдығымен өткізілген Израиль, Египет және ХАМАС өкілдерінің келіссөздері барысында Рафах өткізу пунктін ашу туралы тиісті келісімге қол жеткізілген.

Рафах – Израиль бақыламайтын Газа секторынан шығатын жалғыз шекара өткелі. Газа секторындағы тағы екі өткізу пункті — Эрез және Керем Шалом Израиль аумағына шығады. Рафах арқылы Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 7 қазанда палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильге қарсы шабуыл жасады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елдімекендеріне кірді. Бұған жауап ретінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақты пайдаланып, Газа секторында Хамасқа қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын хабарлады.

Қазақстан ХАМАС-тың  израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптады. Сондай-ақ, еліміз Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды.

Сондай-ақ, Қазақстан 120 елмен бірге Таяу Шығыста тез арада атысты тоқтатуды талап ететін қарарды қолдады. Көпшілік дауыспен БҰҰ Бас ассамблеясы бір топ араб елдері ұсынған Израиль мен Хамас арасында Газа секторындағы атысты тоқтатуды талап ететін қарарды мақұлдады. Бұл қарарға 120 ел дауыс берді, Израиль мен АҚШ-ты қосқанда 14 ел қарсы болды. Тағы 45 ел, оның ішінде Украина да қалыс қалды.

Бұдан бұрын Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапқаны хабарланған.

16 қазандағы брифингте СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағында Қазақстанның 67 азаматы, олардың отбасы мүшелерін қосқанда 100-ден астам адам табылғанын мәлім еткен.

26 қазанда Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстан азаматтарын Газа секторынан шығару мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтты

Серіктес жаңалықтары