×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Өзара құрмет белгісі: Ердоған Тоқаевқа көлік мінгізді

03.11.2023, 17:15
Ақорда

Мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.

“Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде сөйлеген сөзінде Түркия президенті ортақ әліпби туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ, Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде жаһандық сындарға төтеп беру үшін түркі елдері бірге болуы керегін айтты.

Серіктес жаңалықтары