×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ақтөбеде үйден үмітті азаматтар алданып, 2,5 млрд теңге ақшаны қайтара алмай жүр

26.04.2024, 10:19
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ақтөбеде тұрғын үй кешенінің басшысы үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу

Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды. Тергеу барысы облыс прокуроры Дәуешовтің жеке бақылауында болған.

Компания жайлы

Атап айтқанда, 2019-2023 жылдар аралығында «Safina» тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және «Алтын Орда» аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден “пәтер береміз” деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд теңге қаражатын иемденген.

Биыл 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.

Прокурорлар азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары