×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Балқаш көлінде су деңгейі 15 см көтерілген

26.04.2024, 11:20
Фото: BAQ.KZ

Жыл басынан Балқаш көлінің су деңгейі орта есеппен 15 сантиметрге көтерілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

4 су бекетінде бақылау жүргізіледі

Су ресурстары және ирригация министрлігі 1 қаңтарда көлдің орташа су деңгейі 159 см болса, 1 сәуірде бұл көрсеткіш 174 см-ге жетгенін мәлім етті.

Биыл трансшекаралық Іле өзенінен үлкен көлемде су келгенін айта кеткен жөн. Осының нәтижесінде Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне шамамен 2,3 текше шақырым көлемінде су жіберу мүмкіндігі пайда болды. Балқаш көлінің су деңгейін анықтау үшін 4 су бекетінде бақылау жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда, 24 сәуірдегі жағдай бойынша Балқаш көлінің ең жоғары деңгейі Сарышаған су бекетінде тіркелген. Мұнда су деңгейі 210 см болды. Ал көлдің ең төменгі деңгейі - 140 см, Қарақұм су бекетінде белгіленді. Балқаш бекетінде су деңгейі 177 см, Мыңарал бекетінде 167 см болды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары