×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

15 тәулікке қамалған ҚазМұнайГаздың бұрынғы топ-менеджері апелляциялық шағым түсірді

05.11.2023, 08:54
Фото: Ашық дереккөз

1 қарашада қазақстандық кәсіпкер Марат Момынбаев Астанада сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соттың мәліметінше, Марат Момынбаев сәрсенбі, 1 қараша күні таңғы сағат алтылар шамасында Сығанақ көшесіндегі «Шератон» қонақүйінің ғимаратында, болжам бойынша, бөлмесіне бармақ болған кезде ұсталған. Сот үкімінде айтылғандай, Момынбаев «мас күйінде, қонақүй күзетшісімен жанжалдасып, қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтқан».

Азаттық жазғандай, сот отырысында ер адам ешкімге тіл тигізбегенін түсіндірді. Ол соттың қамауға алу шешіміне шағым түсірген. Жұма күні Астананың апелляциялық алқасы қамауға алынған азаматтың шағымын қарап, шешімді өзгеріссіз қалдырды.

1 қарашада қонақүйде беделді шенеуніктердің қатысуымен шара жоспарланған.

– Сот оған 434-бап бойынша айыппұл сала алады, немесе кем дегенде 5 күн. Ал ол тұрақты құқық бұзушы ретінде 15 күнге жабылды. Тіпті, қонақүйге кірген кезде оның бөлмесіне кіруге рұқсат етілмеді, деп түсіндірді аты-жөнін атамауды өтінген дереккөз.

Момынбаевтың Қазақстан президентіне үндеуімен Азаттықтың тілшісі де танысып қайтты. Қолжазба мәтінінде ол өзінің кінәсіз екенін айтып, көмек сұрап, дереу босатылуын талап етеді.

– Мен Қазақстан Республикасына Швейцария, Германия және Италиядан шетелдік инвестиция тарту бизнесімен айналысамын. Бастапқыда жаңа кванттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігіне орасан зор пайда әкелетін Quantum Qazaqstan бағдарламасы бойынша келісімге қол қою жоспарланған болатын. Бірақ қазір оқшауланғандықтан, бағдарлама бұзылып қалу қаупі бар, - деп жазады кәсіпкер.

Ашық дереккөздерде «Quantum Qazaqstan бағдарламасы» туралы айтылмаған.

53 жастағы Марат Момынбаев бұған дейін «ҚазМұнайГаз» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған. Сондай-ақ Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы дипломатиялық өкілдігінде атташе болып жұмыс істеді, «Вертекс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.

Серіктес жаңалықтары