×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ермек Нарымбай билікті диалогқа шақырды

06.11.2023, 08:03
әлеуметтік желіден

Саясаткер және белсенді Ермек Нарымбай ел билігін диалогқа шақырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Тағы да билік мені бас бостандығымнан айырамын деп қорқыта бастады. Бізбен неге жауласады? Бізбен достық қарым-қатынаста болған дұрыс", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ермек Нарымбай Алматы әуежайында 2022 жылдың ақпан айында ұсталған болатын. Бірнеше айдан кейін ол түрмеде азапталғаны туралы мәлімдеді және аштық жариялады.

Ермек Нарымбай — "Назарбаев кет!" ұранының авторы саналатын оппозициялық саяси белсенді. 2010 жылы ол өз жақтастарын жинап, Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік өкілеттігінен айыру үшін референдум өткізуді талап етті. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

2016 жылы Нарымбай "Ветер с улицы" кітабынан үзінді жарияланғаннан кейін алауыздық тудырғаны үшін сотталды. Белсендіні үш жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды, бірақ тыйым салынғанына қарамастан, ол  Қазақстаннан кетіп, Украинаға көшті.

2022 жылы қаңтардағы оқиғалардан кейін Нарымбай отанына оралып, пробациялық бақылауды бұзғаны үшін тергеу изоляторына жіберілді.

Биылғы шілде айының соңында оның бостандыққа шыққаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары