×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Аудан мен қала әкімдерін сайлау: дауыс беру қорытындысы жарияланды

06.11.2023, 12:44
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан облыстық маңызы бар 3 қала мен 42 ауданның әкімін сайлау қорытындысын жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 1553 сайлау комиссиясы – 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1491 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істеді.

"Сайлау балама негізде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді. Сайлаушылардың келуі – 62,79 %. Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды", - делінген хабарламада.

Сайлауды кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, байқаушылар және БАҚ – барлығы 8 500-ге жуық адам бақылаған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 5 қарашада Қазақстанда алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті. Тәуелсіз бақылаушылардың айтуынша, Алматы облысының Жамбыл ауданында сайлау учаскелеріне кірген адам кейін шығып кеткендерге қарағанда аз.

Бұдан бұрын Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкіміне кандидат Бекзат Әзірханов облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қоластындағылардың сайлау науқаны кезіндегі заңсыз әрекеттері туралы мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары