×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Путиннің Қазақстанға не үшін келетіні белгілі болды

06.11.2023, 14:26

9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Ресей басшысын елімізге Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған.

“Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын қостанайлықтар Путиннің келуіне жергілікті биліктің бюджет қаражатын аямай, барынша мұқият дайындалып жатқанын айтқан. Алайда билік үкіметтің резервінен тек инфрақұрылымды жақсарту үшін ақша бөлінгенін алға тартты.

Есептеулерге сүйенсек, Қостанайдың инфрақұрылымын дамытуға 13 млрд теңге жұмсалған. Үш мемлекеттік сатып алу ҚР Президентінің және "өзге де күзетілетін тұлғалардың" қызметі үшін деп көрсетілген.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қостанай әкімдігі Путиннің келуіне наразылық білдірмек болған белсендіге қоқан-лоқы көрсеткені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары