Полицияға 2 қарашада Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасына Қошмамбет ауылының 43 жастағы жергілікті тұрғыны арызданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Әйел таңғы сағат 7:00 шамасында өзінің ұлына белгісіз ер адамның тарапынан сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған. Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді, – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Полицияның жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1963 жылғы күдікті үсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу органдары сараптамаларды тағайындап, істі тергеп жатыр.