×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Жемқорлардан мемлекетке 857 млрд теңгенің активтері қайтарылды

06.11.2023, 17:30
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұл туралы президентке есеп берген Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттік басшысының мәліметінше, биылғы 10 айда елімізде жемқорлыққа қатысты 1500-ге жуық қылмыс тіркеліп, 1100-ден астам адамның ісі әшкереленді. Оның 158-і – түрлі деңгейдегі басшылар. Сотқа мыңнан астам іс жолданып, 282 миллиард теңге шығын өтелді.

Сонымен қатар Агенттік төрағасы 2022 жылдан бері бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне құны шамамен 857 миллиард теңге болатын мүлік активтері мен қаржы қайтарылғанын айтты.

Президентке бірқатар қылмыстық істі тергеу амалдарының барысы жөнінде мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, Асхат Жұмағали Мемлекет басшысына жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы есеп берді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын жүзеге асыру аясында тапсырылу мерзімі кешіктірілген, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік нысандар құрылысына мониторинг жүргізіліп жатыр. Агенттік еліміздің барлық өңірі бойынша жалпы бюджеті 2,44 триллион теңгені құрайтын осындай 156 нысан бар екенін анықтаған.

Айта кетейік, кейінгі кездері Қазақстанның сот органдарында шенеуніктерге қатысты қаралып жатқан даулы іс көбейіп кеткені жасырын емес. Жемқорлықты тежеуге бағытталған жауапкершіліктің қатаңдатылғанына қарамастан мемлекеттік қызметкерлердің заңды белден басып, қылмысқа баруы тоқтамай тұр. Жуырда Ulysmedia.kz Павлодар әкімінің бұрынғы орынбасары Арслан Қалияқбаровқа қатысты істің жай-жапсарын жазған.

Серіктес жаңалықтары