×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Өскеменде алаяқ біреудің пәтерін сатып жіберген

19.10.2021, 22:32
Фото: ашық дереккөз

Өскемен қаласында өзгенің пәтерін 3 млн теңгеге сатып жіберген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ертіс полиция бөлімшесіне 48 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол пәтер сататынын айтып сендірген танысына 3 млн теңге бергенін айтқан.

«Алаяқ жәбірленушіге пәтерді арзан бағамен сататындығын айтқан. Қолында тұрғын үй құжаттары болмаған соң жалған құжат жасатқан. Жәбірленуші бұған сеніп, сұраған ақшаны бергеннен кейін пәтер иелері келіп, үйдің сатылмағанын хабарлаған», - дейді басқарма бастығы Андрей Мула.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 52 жастағы қала тұрғынын ұстады. Өз кінәсін толық мойындаған ол ақшаны жұмсап үлгергенін айтты. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары